Маңғыстау облыстық онкологиялық орталығы баршаңызды «Ашық есік күніне» шақырады! Күні: 26.09.2026 Уақыты: 09:00 – 13:00 Мекенжайы: Маңғыстау облыстық онкологиялық орталығы, 1 а шағын аудан, 3 ғимарат «Сіздің денсаулығыңыз — біздің басты мақсатымыз!» Қош келдіңіздер!
26 қыркүйек 2026 жылы Маңғыстау облыстық онкологиялық орталығында «Ашық есік күні» өтті. Іс-шара барысында тұрғындарға онкологиялық аурулардың алдын алу, ерте анықтау және скринингтен өту бойынша кеңестер берілді. Іс-шара қорытындысы: * 70 тұрғын дәрігерлердің консультациясынан өтті; * 6 жағдайда қатерлі ісікке күдік анықталды; * 4 жағдайда басқа да аурулар анықталды; * 26 тұрғынға төмен дозалы КТ жүргізілді; * 47 тұрғын УДЗ тексеруінен өтті; * 32 әйел маммографиядан өтті. Ашық есік күні тұрғындардың денсаулығын бақылауға, ауруларды ерте кезеңде анықтауға және онкологиялық аурулардың алдын алуға бағытталды. Денсаулыққа жауапкершілікпен қарау — ауруды ерте анықтаудың маңызды қадамы!